06:41 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Экономика
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,4%-ке дейін өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,4%-ке дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторында динамиканың жандануы, нақты секторда өсу қарқынының сақталуы, сауда балансының оң сальдосының нығаюы, өндіруші емес секторларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалуда", - деді министр үкімет отырысында.

Айтуынша, тоғыз айда нақты сектордағы өсім 3,5%-ті құрады. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік 2,9%-ке дейін өсті.

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткен. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр.

Ерғалиев қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 62,8 миллиард долларды құрағанын атап өтті. Оның ішінде экспорт – 37,5 миллиард доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 23,2%-ке өсіп, 12,1 миллиард долларға дейін жетті.

Тауарлар импорты 25,4 миллиард долларды құрады.

Жалпы оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,7 миллиард долларға өсіп, 12,1 миллиард долларды құрады, деді министр.

Оқи отырыңыз: 

Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

Азық-түлік қымбаттады: Үкіметте баға өсімін тежеу мәселесі талқыланды

Тоқаев тапсырма берді: кредитін төлей алмағандарға қандай жеңілдіктер жасалады?

Кілт сөздер:
экономика, үкімет, өсім, сауда, байланыс
Загрузка...

Басты тақырып