Экономика

Қазақстанда ипотекалық ставка 2% дейін төмендейді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Сондай-ақ баспана жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану туралы ережелерге де өзгерістер енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. "Отбасы банк" баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна мөлшерін тұрғын үй құнының 10% дейін төмендетеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үй кезегінде тұрған азаматтарға "Отбасы банкінің" ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері баспана құнының 10% дейін төмендетіледі. Жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме отбасы табысына байланысты жылдық 2% және 5% болады", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол баспана жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану туралы ережелерге де өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағы "Отбасы банкіне" аударылады – Тоқаев тапсырмасы 

Яғни жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алу үшін "Отбасы банкінің" шотына аударуға мүмкіндік беріледі.

Құрылысшыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізіледі.

Жаңалықтар
0