Экономика

Зейнетақы жинағы "Отбасы банкіне" аударылады – Тоқаев тапсырмасы

Жазылу
Мемлекет басшысы жуырда "Баспана хит" және 7-20-25 тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі аяқталатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігі баспана сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу бастамасы оң нәтиже бергенін атап өтті.

"Бұл үрдісті қолдау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының бір бөлігін болашақта баспана сатып алу үшін "Отбасы банк" шотына аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл ақша жинау әдетін қалыптастырып, қаражатты сауатты басқаруға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жуырда "Баспана хит" және 7-20-25 тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі аяқталатынын мәлімдеді.

"Нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді", - деді ол.

Ұлттық даму институтына айналатын "Отбасы банкі" оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр.

Жаңалықтар
0