Экономика

Қазақстан пандемия салдарын сәтті еңсеріп келеді – Тоқаев

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуГоспиталь для лечения больных Covid-19
Госпиталь для лечения больных Covid-19 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Президент мемлекеттік борыштың төмен болуы және резервтердің арқасында Қазақстан пандемия салдарын салыстырмалы түрде сәтті еңсеріп келе жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан коронавирус пандемиясының салдарын салыстырмалы түрде сәтті еңсеріп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Саясат
Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасау үшін парламентке келді
"Мемлекеттік борыштың төмен болуы және әжептәуір резервтердің арқасында Қазақстан пандемия салдарын салыстырмалы түрде сәтті еңсеріп келеді. Бұл біздің маңызды бәсекелі артықшылығымыз және мұны жоғалтып алмау керек", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында.  

Алайда, оның айтуынша, соңғы уақытта шығындарды жабу үшін бюджет тапшылығын, Ұлттық қордан трансферттерді ұлғайту үрдісі пайда болды.

"Үнемі мұндай жеңіл жолмен жүруге жол берілмейді", - деді президент.

Жаңалықтар
0