Саясат

Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасау үшін парламентке келді

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат парламента
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на совместном заседании палат парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Бүгін, бірінші қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауын жариялайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Сессияны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін, 1 қыркүйек мәжілісмендер мен сенаторлар каникулдан шығып, қызметіне кірісті. Халық қалаулылары екі ай демалған еді.

27 тамызда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Парламент регламенті бойынша екі палатаның сессиясын мемлекет басшысы ашады.

Отырыс барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады. Мемлекет басшысының жолдауы республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетілетіні хабарланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Алдағы сессияда депутаттар үкіметпен бірлесіп ұлттық экономика мен кәсіпкерлікті, азаматтарды әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тәуелсіздік пен демократияны одан әрі нығайту жолында белсенді жұмыс істейді.

Қазіргі таңда палатаның қарауында 35 заң жобасы жатыр. Олардың арасында "Өнеркәсіптік саясат туралы", "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы", "Әскери полиция органдары туралы" құжаттар бар.

Жаңалықтар
0