Экономика

Бір жылда қазақстандық мұғалімдердің жалақысы қанша теңгеге өсті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қазақстанның тек бес өңірінде ғана мұғалімдердің жалақысы республикадағы орташа еңбекақыдан асады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Бір жыл ішінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысы бірден 27%-ке артты.

Осы жылдың екінші тоқсанында мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 26,8%-ке көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Балабақша қызметкерлері орта есеппен 116,4 мың теңге, бастауыш білім — 193,4 мың теңге, орта білім — 273,7 мың теңге, жоғары білім 251,7 мың теңге жалақы алды.

Өңірлер арасында ең жоғары жалақы елордалық мұғалімдерде – 350,8 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 17,6%-ке артық.

Екінші және үшінші орындарға Маңғыстау облысы (268 мың теңге) мен Алматы қаласы (265,5 мың теңге) жайғасты.

Тағы оқыңыз: Мектеп директорлары жаңаша тағайындалады: Аймағамбетов түсіндіріп берді

Ең төмен айлық Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр – 200,7 мың теңге.

Басылым ақпаратынша, Қазақстанның тек бес өңірінде ғана мұғалімдердің жалақысы республикадағы орташа еңбекақыдан асады. Үздік бестікке Қызылорда мен Алматы облыстары да кірді.

Білім министрлігі келесі жылдан бастап балабақша, мектеп пен колледж мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 процентке өсетінін хабарлаған болатын.

Жаңалықтар
0