06:15 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Экономика
Қысқа сілтеме алу
172 0 0

Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

Тақырып бойынша

Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан
Загрузка...

Басты тақырып