Экономика

Қазақстандықтарға өз еркімен кредиттен бас тарту құқығы берілуі мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПайыз белгісі
Пайыз белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Бастамашылардың пікірінше, мұндай шара отандастарды алаяқтардың заңсыз әрекетінен қорғайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанда кредит рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту жүйесі енгізілуі мүмкін.

"Агенттік азаматтардың қарыз алуға "ерікті түрде тыйым салу" құқығын іске асыру мүмкіндігін қолдайды. Келісілген позицияны әзірлеу үшін агенттік Ұлттық банкпен, "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" ЗТБ-мен және кредиттік ұйымдармен бірлесіп кеңес өткізді, жиын барысында қатысушылар ұсынылған бастаманы қолдады", - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Айгүл Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында.

Бұл тетікті енгізу үшін азаматқа жазбаша тыйымды басқаруға мүмкіндік беретін процесті толығымен реттеу қажет.

Сондай-ақ "ерікті түрде тыйым салуды" тіркеу "бір терезе" арқылы ма, жоқ әлде кредиттік ұйымдар арқылы орталықтандырылып жүзеге асырыла ма, соны пысықтау керек.

Тағы оқыңыз: "Банк талап ете алмайды": депутат алаяқтардан қорғаудың жаңа әдісін түсіндірді

Агенттік "ерікті тыйымды" енгізу мынадай тәуекелдерге алып келуі мүмкін екенін ескертті: клиент ақшадан қысылып, өзі кредит алғысы келсе, кредиттік ұйымға барып, тыйым салуды алып тастау үшін өтініш жазуы керек. Бұл белгілі бір уақытты алады. Осы кезде алаяқтар немесе алаяқтармен сөз байласқан кредиттік ұйымдардың қызметкерлері клиенттің тыйымын өз бетінше алып тастап, оның атына жаңа қарыз рәсімдеп жіберуі әбден мүмкін.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Айгүл Құспан қазір елде кредит алаяқтары көбейіп кеткеніне алаңдады. Ол проблеманы шешу жолы ретінде халыққа кредит рәсімдеуден "ерікті түрде бас тарту" құқығын беруді ұсынды.

Жаңалықтар
0