17:23 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
4735 0 0

"Үздік" үштікке енген Алматының көлік иелері 6,1 миллиард теңге, Алматы облысы 4,8 миллиард теңге, ал Нұр-Сұлтан қаласы 3 миллиард теңге қарыз

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір миллионнан астам адамның көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асады. Берешектің ең үлкен сомасы Алматы қаласында тіркеліп отыр, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті.

"Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында қарызы 30,7 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде 26,8 миллиард теңге – қарыздың негізгі сомасы, қалған 3,8 миллиард теңге өсімпұл есептелген", - делінген хабарламада.

Комитеттің ақпаратынша, берешектің ең үлкен сомасы Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік мегаполис тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 миллиард теңге қарыз. Одан кейін Алматы облысы келеді, бұл өңірдің көлік иелері 4,8 миллиард теңге салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша – алғашқы үштікте. Елордалық жүргізушілер мемлекетке 3 миллиард теңге берешек.

Борышкерлер саны бойынша антирейтингті Алматы облысы бастап тұр: 165 мыңнан аса адам салық міндеттемелерін орындамаған. Екінші орында - Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. "Үздік" үштікті Түркістан облысы тұйықтады: 104 мың адам.

Тағы оқыңыз: Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Айта кетсек, Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін, мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептеледі.

МКК салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ екенін айтты. "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын жүктеп, салық қарызын біліп, онлайн төлеуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын да пайдалана алады.

Тақырып бойынша

Көлік салығын төлеу уақыты жақындады – маңызды 10 сұрақтың жауабы
Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін
Кілт сөздер:
қарыз, көлік салығы, жүргізушілер
Загрузка...

Басты тақырып