07:07 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
6755 0 0

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, карантинге байланысты мыңнан астам адам өз көлігін тіркеуге немесе елден шығаруға  үлгермеген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың бірінші наурызына дейін ұзартылды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген көліктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылған.

"Ал 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін  тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет биылғы жылдың 27 ақпанында осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Арменияда тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктердің иелеріне өз көлігін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Жүргізушілер қандай қиындыққа тап болды

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеу қойылғандықтан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселесі туындады.

Сондай-ақ, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты кейбір жүргізушілер қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмады.

"Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты бірқатар көлікті (олар ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл жұмыс автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) “қосарланған” салықтан босатуға бағытталған.

Кілт сөздер:
көлік
Загрузка...

Басты тақырып