16:40 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3560 0 0

Серік Шәпкенов президентке көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету шаралары жөнінде мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік саладағы қазіргі ахуал мен оның алдағы уақытта атқаратын міндеттері туралы баяндалды.

Серік Шәпкенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, атап айтқанда, халықтың табысы мен еңбекақыны арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған жұмыстар бойынша есеп берді.  

Сонымен қатар министр президентке еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету шаралары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев салалық ведомство басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша

Қазақстанда 2021 жылы ең төменгі жалақы қанша болады
Нұржан Әлтаев депутаттарға жалақы негізсіз төленетінін айтты
Министр жалақы бойынша берешегі ең көп өңірлерді атады
Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгеге жетті
Загрузка...

Басты тақырып