Тоқаев өз сөзінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан Қазақстан экономикасы орнықты дамып келе жатқанын атап өтті. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шаралар жүзеге асырылды.
"Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясын көбейтетін болдық. Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызы айтарлықтай азайды", - деп еске түсірді президент.
Оның айтуынша, оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, ел үшін, халық үшін адал қызмет етуіміз керек. Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет.
Айта кетейік, Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін президент болды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Өткен жылдың жазында Қазақстанда президент сайлауы өтті. Оған алғаш рет Елбасы үміткер ретінде қатысқан жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев 76 проценттен астам дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.