Экономика

Зейнетақы жинағын пайдалану: 30 мыңнан аса қазақстандық өтінім беріп үлгерді

© Sputnik / Абзал КалиевДомик и монетки тенге
Домик и монетки тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспана алу үшін зейнетақы жинағындағы соманы пайдалануға өтінім қабылдаудың басталғанына үш күн болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. "Отбасы банкі" Sputnik Қазақстанға жылжымайтын мүлік алуға зейнетақы жинағындағы соманы пайдалану үшін қанша өтінім түскенін айтты.

Еске сала кетсек, өтінім қабылдайтын Enpf-otbasy.kz платформасы сенбі, 23 қаңтарда іске қосылды. 

Дүйсенбідегі ақпарат бойынша 30 мыңнан аса қазақстандық өтінім беріп үлгерген.

700 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ-да жинақталған қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе кеңейтуге, емделуге және инвестициялауға жұмсай алады. Әзірге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ғана өтініш беруге болады.

Банк сонымен бірге қазақстандықтар өзінің зейнетақы жинағын жұмсауды жоспарлап отырған ең танымал бағыттарды атады. Олардың ішінде:

  • ипотекалық қарызды өтеу;
  • тұрғын үйді толығымен сатып алу;
  • жақын туыстарына зейнетақы жинағын беру;
  • "Отбасы банктен" тиімді шарттармен ипотекалық қарыз алу.

Әзірге тек баспана жағдайын жақсартуға алуға болады. Өзге қызметтер кейінірек іске қосылады.

Зейнетақы жинағын пайдалану үшін не істеу керек екенін мына жерден көре аласыз.

Жаңалықтар
0