06:34 27 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD417.02
  • EUR505.51
  • RUB5.59
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (76)
2796 0 0

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтінімді тек компьютерден беруге болады. Мобильді нұсқа іске қосылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды.

"Достар, сіздерге ыңғайлы болу үшін біз www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасымен жұмыс бойынша видеонұсқау жаздық", - деп хабарлады банк Instagram-да.

Алайда онлайн-платформамен жұмыс істеу үшін NCALayer сертификатын орнату қажет. Мұны Pki.gov.kz сайтында жасауға болады.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтінімді тек компьютерден беруге болады. Мобильді нұсқа қолжетімсіз.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдау басталды.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау басталды: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы

БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап онлайн режимде "Отбасы банк"АҚ-дан арнайы шот ашып жатыр. Бүгінге дейін 60 мыңға тарта шот ашылған.

Айта кетсек, біржолғы зейнетақы төлемін аудару үшін арнайы шот ашу бойынша екінші оператор – Halyk Bank.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (76)
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Загрузка...

Басты тақырып