Экономика

Нығматулин мемлекеттік сатып алуды алдын ала келісілген матчпен салыстырды

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс спикерінің айтуынша, былтыр бір көзден алу тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың үлесі 63 проценттен асқан

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бір көзден сатып алу үлесінің артқанына алаңдап, бұған тосқауыл қою қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әскерилерді тамақтандыру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нығматулин: әскери бөлімдер мен мектептерде ешқашан демпингке жол беруге болмайды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заң жобасы қаралды. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерді қайтадан сатып алу жүргізуге міндеттейтін норма енгізуді ұсынды. Олардың айтуынша, бұл мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәжілісмендердің ұсынысын қолдады. 

"Бір көзден сатып алу – мемлекеттік сатып алу саласындағы ең өзекті мәселе. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық өте көп кездеседі. Бұл практика бәріне таныс. Ол қалай жасалады? Конкурсқа өтініш берген барлық жарамсыз жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмеді деп шығарып тастайды. Сөйтіп, конкурс өткізілмеді деп жариялап, алдын ала уағдаласқан жеткізушілердің бірімен келісімшартқа отырады. 2000 жылдардың басында бір көзден сатып алу деген жоқтың қасы еді. Ал 2016 жылы бір көзден сатып алу тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алудың 50 проценті жүргізілсе, 2017 жылы ол 63 проценттен асқан", — деп ашуланды мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. 

Спикер мемлекеттік сатып алуды нәтижесі күні бұрын белгілі болатын матчтармен салыстырды. 

"Бізде бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу футболдағы алдын ала келісілген матчтар сияқты, нәтижесі күні бұрын белгілі болады. Сонда бәсекелестік, айқындық, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы қайда? Бір көзден сатып алуға тосқауыл қою үшін мұны заңнамалық деңгейде бекіту қажет", — деді мәжіліс төрағасы.

Жаңалықтар
0