АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өкіметі Қашаған кен орнынан 500 мыңнан бір миллион тоннаға дейін мұнай алуды көздеп отыр деп хабарлайды ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
"Қашаған кен орны іске қосылды деп айтуға болады. Біз бұл жайында 23 қазанда құлақтандырғанымызбен, кен орны одан бұрын іске қосылған, экспортталатын мұнай қазанның бірінші жартысында шығарылды", — деді Бозымбаев парламент сенатының пленарлық отырысынан кейін.
"Келесі жылға біз 4-тен 7 миллион тоннаға дейін мұнай алуды көздеп отырмыз, бірақ мұның бәрі ұңғымалардың жағдайына байланысты белгілі болады", — деді ол.
Министрдің пікірінше, болашақта кен орнының салтанатты түрде ашылуы ұйымдастырылуы мүмкін.