Құпиялылық саясаты(2023 ж. өңд.)

119021, Ресей, Мәскеу қаласы, Зубовский желекжолы, 4 үй, 1,2,3 бет. Мекенжайы бойынша тіркелген "Ресей бүгінгі күні" халықаралық ақпараттық агенттігі" федералды мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (бұдан әрі – Агенттік, біз, біздің, біздікілер), Сіздің жеке өміріңізді және дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қорғауға үлкен мән береді.
Құпиялылық саясаты Ресей Федерациясының дербес деректерді қорғау саласындағы нормативтік–құқықтық актілерінің талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес әзірленді, оның ішінде, бірақ: Ресей Федерациясының "Дербес деректер туралы" 27.07.2006 ж. №152–ФЗ Федералдық заңымен, GDPR нормалары – Еуропалық парламенттің және Еуропалық Одақ Кеңесінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі "Дербес деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау және мұндай деректерді еркін қолдану туралы, сондай-ақ 95/46/ЕО директивасының күшін жою туралы (Деректерді қорғау туралы жалпы ереже)" N 2016/679 регламентімен шектелмей.
Біз осы құпиялылық Саясатына (бұдан әрі – Саясат) және қолданылатын заңнамаға сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін уақтылы шаралар қабылдаймыз және дербес деректерді өңдеу мен қорғау жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетініне кепілдік береміз.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді қандай мақсаттарға қол жеткізу үшін жүзеге асыратынымызды, сондай-ақ Агенттік өңдейтін дербес деректеріңізге қатысты құқықтарды қалай іске асыруға болатынын түсіну үшін, Саясатты мұқият зерделеуіңізді сұраймыз.
Біз түсіну үшін, Саясатты мүмкіндігінше қарапайым жасауға тырыстық.
Саясат орыс тілді редакцияда бекітіледі және қажет болған жағдайда шет тілдеріне аударылады.
Егер Сіздің дербес деректеріңізді бізбен өңдеу және оларды қорғау бойынша сұрақтарыңыз болса, Саясатты баяндауды жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз, сондай-ақ бекітілген редакцияға сұрау салуыңыз болса, Сіз бізге 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен өтініш жібере аласыз.
1. Қолдану саласы
Саясат Сіз біздің ақпараттық ресурсымызды (сайтты, мобилді қосымшаны) пайдаланған кезде, сондай-ақ біз ақпараттық ресурсты пайдаланумен байланысты емес қызметті жүзеге асырған кезде Сіздің дербес деректеріңізді жинау және өңдеу жөніндегі іс-әрекеттеріміз туралы хабардар етуге арналған.
Саясат қолданылатын процестер 5 "Құпиялылық туралы хабарлама" бөлімінде келтірілген.
Назар аударыңыз, біздің ақпараттық ресурсымызда (сайт, мобилді қосымша) біз бақыламайтын және Саясат әрекеті қолданылмайтын басқа қызмет жеткізушілерінің ресурстарына сілтемелер болуы мүмкін.
Біз серіктестерімізден пайдаланушы деректеріне ұқыпты қарауды талап етеміз және тек беделі расталған компаниялармен жұмыс істейміз.
2. Өңделетін дербес деректер санаттары
Біз Сіздің жеке басыңызды анықтауға болатын нәсілге, ұлтқа, саяси көзқарастарға, діни немесе философиялық нанымдарға, денсаулық жағдайына, интимдік өмірге, биологиялық ерекшеліктерге қатысты дербес деректеріңізді өңдемейміз.
Егер БАҚ қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, біз Сіздің дербес деректеріңізді жалпыға қолжетімді көздерден мақсатты түрде жинауды жүзеге асырмаймыз.
3. Дербес деректер субъектілерінің санаттары
Дербес деректер субъектілеріне Агенттіктің және оның өкілдіктерінің, филиалдарының, корреспонденттік пункттерінің қызметкерлері, Агенттіктің сайттар, мобилді қосымшалары мен қызметтердің пайдаланушылары, Агенттіктің серіктестері, клиенттері, контрагенттері және олардың өкілдері, журналистер, блогерлер (жеке сайтты, әлеуметтік желілердегі парақты, баспа алаңын дамытатын жеке тұлғалар), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Агенттік өткізетін іс-шараларға қатысушылар, дербес деректерді өңдеу мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған өзге де дербес деректер субъектілері жатады.
Дербес деректерді өңдеу мақсаттары 5 "Құпиялылық туралы хабарлама" бөлімінде көрсетілген.
Агенттік кәмелетке толған тұлғалардың дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырады.
4. Кәмелетке толмағандардың дербес деректерін жинау
Біздің ақпараттық ресурс (сайт, мобилді қосымша) қолданыстағы заңнамада немесе ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың келісімімен көзделген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған тұлғалардың дербес деректерін өңдеу үшін арналмаған.
Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жасқа толмаған тұлға кәмелетке толмаған тұлға болып есептеледі.
Егер Сіздің балаңыз бізге өзінің дербес деректерін берді деген негіз болса, онда Сізді бізбен 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен хабарласуыңызды сұраймыз.
5. Құпиялылық туралы хабарлама
5.1. Сіздің жеке басыңызды сәйкестендіру арқылы дербес деректерді өңдеу.
Келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін, Агенттіктің ақпараттық ресурсымен (сайтымен, мобилді қосымшасымен) Сізді жеке тұлға ретінде сәйкестендіру үшін дербес деректерді өңдеу жүзеге асырылады:
5.1.1. Жаңалықтар сайтында жеке кабинеттің функционалын ұсыну.
Жаңалықтар сайты деп Агенттіктің интернет-басылымын түсіну керек, оның мамандануы жаңалықтар немесе жаңалық материалдарын жинау және беру болып табылады.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Жаңалықтарды талқылауға, жаңалықтарға түсініктеме беруге қатысу мүмкіндігін беру.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Сайтқа тіркелу үшін Сізге ұсыну қажет: аты немесе лақап аты және электрондық пошта мекенжайы.
Сіздің есептік жазбаңызды жасағаннан кейін Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде қосымша мәліметтерді көрсете аласыз: фото, жас туралы ақпарат; жынысы; туған күні; елі; Google ID, Apple ID, әлеуметтік желілер аккаунтының ID. Қосымша мәліметтер міндетті болып табылмайды.
Егер Сіз Google ID, Apple ID, әлеуметтік желі аккаунтының ID көрсеткен болсаңыз, онда сайт Сіздің әлеуметтік желі аккаунтыңыздың мәліметтерін өңдейді: аты, тегі, фотосуреті, туған күні, жынысы, электрондық пошта мекенжайы, жазылымдар.
Дербес деректерді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Аккаунтыңызды өзіңіз жоймас бұрын немесе Сіздің келісімді қайтарып алу туралы сұрауыңызға дейін (деректерді жою).
Келісімді кері қайтарып алу тәртібі 8.7. "Келісімді кері қайтарып алу құқығы" тармағында көрсетілген.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Егер Сіз жеке кабинет баптауларында Google ID, Apple ID, әлеуметтік желі аккаунтының ID деректерін көрсеткен болсаңыз, онда дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылады, атап айтқанда: Google LLC (Firebase, Google Analytics); Twitter Inc. (Twitter); "В Контакте" ЖШҚ (Вконтакте), Apple Inc.
Сіздің жеке кабинетіңіздің баптауларында әлеуметтік желілер туралы мәліметтер болмаған кезде үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Сіздің жеке кабинетіңіздің баптауларында әлеуметтік желі туралы мәліметтер болса, дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясының, АҚШ-тың және әлеуметтік желі провайдерінің қатысуымен басқа елдердің аумағында жүзеге асырылады.
Сіздің жеке кабинетіңіздің баптауларында әлеуметтік желілер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.1.2. Медиасайтта жеке кабинеттің функционалын ұсыну.
Медиасайт деп Агенттіктің ақпараттық ресурсын түсіну керек, онда әрі қарай пайдалану және кейіннен тарату мақсатында Агенттік құрған ақпараттық өнімдер сандық форматта (фото, бейне, аудио және т.б.) орналастырылған.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Фотоматериалдарды, графикалық, инфографикалық, аудиовизуалды материалдарды пайдалану құқығына лицензия беру.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Аты, тегі, электрондық пошта мекенжайы, логин, компания атауы, компания индустриясы, қала, ел, жұмыс орны, атқаратын қызметі, пошталық индексі, мекенжайы, байланыс телефон нөмірі.
Дербес деректерді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Шарт (лицензиялық келісім).
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Шарттың (лицензиялық келісімнің) қолданылуы тоқтатылғанға дейін.
Шарттың қолданылуын тоқтату фактісі бойынша шартты ішкі мұрағаттық сақтауға беру жүзеге асырылады. Шартты сақтау мерзімі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес істердің ішкі номенклатурасымен айқындалады.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.1.3. Ұйымға коммерциялық ақпараттық ресурста жеке кабинеттің функционалын ұсыну.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Коммерциялық қызметтерді ұсыну.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Email; ұйым; логин; пайдаланылған жаңалықтар легі туралы мәліметтер.
Дербес деректерді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Шарт (лицензиялық келісім).
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Шарттың (лицензиялық келісімнің) қолданылуы тоқтатылғанға дейін.
Шарттың қолданылуын тоқтату фактісі бойынша шартты ішкі мұрағаттық сақтауға беру жүзеге асырылады. Шартты сақтау мерзімі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес істердің ішкі номенклатурасымен айқындалады.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.1.4. Конкурстар немесе өзге де іс-шаралар өткізу.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Маркетингтік конкурстар мен акциялар өткізу.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Әлеуметтік желілердегі аккаунттардың ID, тегі, аты, әкесінің аты, жасы, елі, интернет-мессенджерлердегі және әлеуметтік желілердегі байланыстар туралы мәліметтер, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, фото, бейне.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Конкурсқа немесе өзге де іс-шараға қатысу ережелері.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Өткізілетін іс-шара аяқталғанға дейін.
Жеңімпаздардың деректері оларға марапаттар берілгенге дейін өңделеді.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Іс-шараларды ұйымдастыру үшін үшінші тұлғаларды (әріптестер, бөгде алаңдар) тартқан немесе марапаттар тапсырған (пошта қызметтері, курьерлік қызметтер немесе серіктестер) жағдайда дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылады.
Конкурстың барлық кезеңдерін ұйымдастыру, оның ішінде жеңімпаздарға марапаттар беру кезінде, Агенттік өздігінен дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді жүзеге асырмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Іс-шараларды ұйымдастыру немесе марапаттарды тапсыру (пошта қызметтері, курьерлік қызметтер немесе серіктестер) үшін үшінші тұлғаларды (серіктестер, бөгде алаңдар) тарту кезінде дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясы мен үшінші тұлғалар қатысатын елдің аумағында жүзеге асырылады.
Тартылған үшінші тұлғалар болмаған жағдайда, дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.1.5. Еmail - жіберілімдері мен хабарламаларды жіберу.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Ақпараттық жіберілімдерді жүзеге асыру.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты; электрондық пошта мекенжайы; орналасқан жерінің мекенжайы; пошта клиенті туралы мәліметтер.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Сіздің келісіміңізді қайтарып алғанға дейін.
Келісімді кері қайтарып алу тәртібі 8.7. "Келісімді кері қайтарып алу құқығы" тармағында көрсетілген.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
The Rocket Science Group (Mailchimp); SendPulse Inc. (Sendpulse).
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясының, АҚШ-тың, Германияның және Литва Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
5.1.6. Кері байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Жеке тұлғадан немесе ұйым өкілінен өтінішті (шағымды, ұсынысты) өңдеу.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты; жұмыс орны және атқаратын қызметі; мекенжайы; елі; байланыс телефондарының нөмірлері; электрондық пошта мекенжайы.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сұрағыңызды шешу үшін Сізбен кері байланысты қамтамасыз ету.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Сіздің бізге жүгінуге бағытталған мәселеңізді шешкенге дейін.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.2. Сіздің жеке басыңызды сәйкестендірмей, дербес деректерді өңдеу.
Біздің сайт келесі мақсаттарға жету үшін Сізді жеке тұлға ретінде сәйкестендірмей автоматты түрде ақпарат жинауды жүзеге асырады:
5.2.1. Ішкі аналитика жүйелерінің көмегімен ақпараттық ресурсты (сайттар мен мобилді қосымшалар) пайдаланушының мінез-құлқын талдау.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Сайттың/мобилді қосымшаның жұмысын жақсарту, контентті ұсыну, ең маңызды жаңалық материалдарын көрсету, Агенттіктің сайтында/мобилді қосымшасында және жарнамалық желілерде мақсатты жарнамаларды көрсету.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Cookie, IP-мекенжайы, орналасқан жері туралы мәліметтер, ОЖ түрі мен нұсқасы, браузер түрі мен нұсқасы, құрылғының түрі және оның экранының ажыратымдылығы, пайдаланушы сайтқа қай жерден, қай сайттан немесе қандай жарнамадан келгені жөніндегі көзі, ОЖ мен браузердің тілі, Интернет желісіндегі пайдаланушының белсенділігі.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Заңды мүдде.
Сіздің деректеріңізді жинау кезінде біз заңды мүддемізді басшылыққа аламыз, өйткені бұл жағдайда басқа негіздер қолданылмайды. Біздің қызметіміз Сіз ұсынатын контентке деген мүддеңізге, оны пайдаланудың ыңғайлығына байланысты.
Біздің сайттағы пайдаланушының мінез-құлқын талдау БАҚ қызметі үшін әдеттегі тәжірибе болып табылады, осыған байланысты біз Сіздің бұл туралы хабардар екеніңізге сенеміз. Біз алға қойған мақсатқа жету үшін Сіздің деректеріңізді талдау Сіздің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға айтарлықтай әсер етпейтінін растаймыз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Сақтау мерзімі cookie файлының түріне байланысты.
Түрлерінің сипаттамасымен Сіз cookie кестесінде таныса аласыз.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.2.2. Бөгде ресурстардың көмегімен ақпараттық ресурсты (сайттар мен мобилді қосымшалар) пайдаланушының мінез-құлқын талдау.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Сайттың/мобилді қосымшаның жұмысын жақсарту, контентті ұсыну, ең маңызды жаңалық материалдарын көрсету, мақсатты жарнамаларды көрсету.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Cookie, IP-мекенжайы, орналасқан жері туралы мәліметтер, ОЖ түрі мен нұсқасы, браузердің түрі мен нұсқасы, құрылғының түрі және оның экранының ажыратымдылығы, пайдаланушы сайтқа қай жерден, қай сайттан немесе қандай жарнамадан келгені жөніндегі көзі, ОЖ мен браузердің тілі, Интернет желісіндегі пайдаланушының белсенділігі.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
1) Cookie түріне байланысты сақтау мерзімі аяқталғанға дейін. Cookie файлының түрі бойынша сақтау мерзімін Сіз cookie кестесінен көре аласыз.
2) Келісімді қайтарып алғанға дейін (өңдеуден бас тарту). Келісімді кері қайтарып алу тәртібі 8.7. "Келісімді кері қайтарып алу құқығы" тармағында көрсетілген.
Үшінші тұлғаларға дербес деректерге қол жеткізуді ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін бөгде сервистердің ақпараттық ресурстарына қосылу қолданылады.
Бұл сервистерге талдау жүргізу мақсатында Сіздің дербес деректеріңізді жинау мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу бөгде сервистердің құпиялылық Саясатымен реттеледі.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясы, АҚШ, Мысыр және бөгде сервистері бар басқа елдер аумағында жүзеге асырылады.
5.3. Ақпараттық ресурстарды пайдаланбай Агенттік қызметі шеңберінде деректерді өңдеу.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді келесі мақсаттарға жету үшін ақпараттық ресурстарды пайдаланбай өңдейміз:
5.3.1. БАҚ өкілін, блогерді Агенттіктің жеке іс-шарасына немесе Агенттік ұйымдастыратын іс-шараға аккредиттеу.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
БАҚ өкілін, блогерді Агенттіктің жеке іс-шарасына немесе Агенттік ұйымдастыратын іс-шараға аккредиттеу.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; азаматтығы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері; фотосуреті; төлқұжат беттерінің көшірмелері; жұмыс орны және атқаратын қызметі; виза санаты мен нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; байланыс телефондарының нөмірлері; кіру мақсаты.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Аккредиттеу жүргізу кезеңінде және аккредиттеу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру олар Агенттіктің іс-шарасын өткізу процесіне тартылған жағдайда жүзеге асырылады.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясы және іс-шара өткізілетін ел аумағында жүзеге асырылады.
5.3.2. Агенттіктің іс-шарасына шақыру.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Агенттіктің іс-шарасын ұйымдастыру.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты, әкесінің аты; фотосуреті; жұмыс орны және атқаратын қызметі; электрондық пошта мекенжайы; байланыс телефондарының нөмірлері; ғылыми дәрежелері туралы мәліметтер; өмірбаяны туралы мәліметтер; интернет-мессенджерлердегі және әлеуметтік желілердегі байланыстар туралы мәліметтер.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Іс-шара аяқталғанға дейін.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру олар Агенттіктің іс-шарасын өткізу процесіне тартылған жағдайда жүзеге асырылады.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу Ресей Федерациясы және іс-шара өткізілетін ел аумағында жүзеге асырылады.
5.3.3. Агенттіктің серіктестері, контрагенттері мен клиенттері өкілдерінің деректерін өңдеу.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Азаматтық-құқықтық шартты жасасу, орындау және тоқтату; шартты контрагентпен келісу.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты, әкесінің аты; жұмыс орны және атқаратын қызметі; электрондық пошта мекенжайы; байланыс телефонының нөмірі.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Шарт жасасуға, сондай-ақ шартты (шарттың кез келген түрі) орындауға бағытталған іс-әрекеттер.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Шарт жасалғанға дейін, шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін.
Шарттың қолданылуын тоқтату фактісі бойынша шартты ішкі мұрағаттық сақтауға беру жүзеге асырылады. Шартты сақтау мерзімі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес істердің ішкі номенклатурасымен айқындалады.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.3.4. БАҚ қызметін жүргізу шеңберінде материалдар өндіру.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
БАҚ қызметін жүргізу.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты, әкесінің аты; жұмыс орны және атқаратын қызметі; фотосурет; сұхбаттың аудиожазбасы; сұхбаттың немесе сөйлеген сөздің бейнежазбасы; өмірбаяны; электрондық пошта мекенжайы; байланыс телефонының нөмірі; интернет-мессенджерлердегі және әлеуметтік желілердегі байланыстар туралы мәліметтер.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Заңды мүдде.
Сіздің деректеріңізді жинау кезінде біз заңды мүддені басшылыққа аламыз, өйткені бұл жағдайда басқа негіздер қолданылмайды. Біздің қызметіміз қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы оқиғаларға жедел ден қоюға және оларды жаңалық материалдары түрінде ұсынуға негізделген. БАҚ қызметін жүргізу шеңберінде материалды қалыптастыру кезінде дербес деректер пайдаланылуы мүмкін және бұл дербес деректер, егер бұл жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса, жалпыға қолжетімді болады және біз Сіздің бұл туралы хабардар болуыңызға сенеміз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
БАҚ журналистік қызметін жүргізу шеңберінде мерзімсіз.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
5.3.5. БАҚ өкілдеріне жіберілімдерді жүзеге асыру.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты.
Жаңалық жіберілімдерін жүзеге асыру.
Көрсетілген мақсат үшін өңделетін дербес деректер.
Тегі, аты, әкесінің аты; жұмыс орны; байланыс телефонының нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; елі.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге арналған заңды негіздер.
Сіздің келісіміңіз.
Дербес деректерді сақтау мерзімі.
Сіздің келісіміңізді қайтарып алғанға дейін.
Келісімді кері қайтарып алу тәртібі 8.7. "Келісімді кері қайтарып алу құқығы" тармағында көрсетілген.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру жүзеге асырылмайды.
Дербес деректерді үшінші елдерге және халықаралық ұйымдарға беру.
Дербес деректерді өңдеу тек Ресей Федерациясының аумағында жүзеге асырылады.
6. Профильдеуді қоса алғанда, жеке шешімдерді автоматтандырылған қабылдау
Біз Сіздің дербес деректеріңізді өңдейтін мақсаттарымызға қол жеткізу үшін, бізбен профильдеуді қоса алғанда, жеке шешімдерді автоматтандырылған қабылдау жүзеге асырылмайды.
7. Дербес деректерді жою
Дербес деректерді жою өңдеу мақсатына қол жеткізу бойынша, оларды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, дербес деректер субъектісінің келісімін қайтарып алу кезінде немесе егер қолданыстағы заңнамада өзге де талаптар көзделмесе, шартты бұзу кезінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, дербес деректер олардың заңсыз өңделгені анықталған жағдайда жойылуға жатады.
8. Сіздің құқықтарыңыз
8.1. Сіз туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы.
Сіз бізден Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығыңыз бар: өңдеу мақсаттары, санаттар, алушылар немесе алушылар санаттары, оның ішінде басқа елдерден немесе халықаралық ұйымдардан, сақтау мерзімі, өңдеуді тоқтату шарттары, дербес деректерді алу көзі.
Егер осы құқық қолданыстағы заңнамамен анық айқындалған болса, Сіздің бізден электронды түрде өңделетін Сіздің деректеріңіздің кеңінен қолданылатын форматында электрондық көшірмесін алуға құқығыңыз бар.
8.2. Сіздің дербес деректеріңізді түзету құқығы.
Егер Сіздің дербес деректеріңіз дәл емес, толық емес немесе ескірген болса, Сіз оларды біздің тарапымыздан кідіріссіз түзетуді немесе орынды жағдайда оларды өз бетіңізше, мысалы, жеке кабинет баптауларында түзетуді талап етуге құқығыңыз бар.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді түзеткеннен кейін біз Сізге бұл туралы хабарлаймыз.
8.3. Сіздің дербес деректеріңізді жою құқығы.
Сіз бізден дербес деректеріңізді біздің тарапымыздан кідіріссіз жоюды немесе орынды жағдайда оларды өз бетіңізше, мысалы, жеке кабинет баптауларында жоюды талап етуге құқығыңыз бар.
Егер біз Сіздің дербес деректеріңізді жоя алмасақ, онда біз Сіздің дербес деректеріңізді иесін орнату мүмкін болмайтындай етіп иесіздендіреміз.
Сіздің дербес деректеріңізді жойғаннан немесе иесіздендіргеннен кейін біз Сізге бұл туралы хабарлаймыз.
8.4. Өңдеуді шектеу (бұғаттау) құқығы.
Сіздің бізден дербес деректеріңізді өңдеуді шектеуді (бұғаттауды) талап етуге құқығыңыз бар. Сіз бұл құқықты келесі жағдайларда ғана пайдалана аласыз:
1) дербес деректердің дәлдігі осы деректердің дәлдігін тексеруге мүмкіндік беретін кезең ішінде Сізбен таласқа түседі;
2) өңдеу заңсыз болып табылады және Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді жоюға қарсы болып, оларды пайдалануды шектеуді сұрайсыз;
3) өңдеу мақсаттары үшін бізге дербес деректер қажет емес, бірақ олар Сізге заңды талаптарды белгілеу, іске асыру немесе қорғау үшін қажет;
4) Сіз біздің заңды негіздеріміз Сіздің негіздеріңізден асып түсетінін тексермес бұрын өңдеуге қарсылық танытасыз.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге шектеулер (бұғаттау) белгілеген кезде, бізбен өңдеу процесі бұғаттау алынғанға дейін тоқтатылады, бірақ бұл ретте біз Сіздің дербес деректеріңізді сақтаймыз.
Сіз 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен сұрау жіберу арқылы кез келген уақытта Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге шектеуді (бұғаттауды) олардан алып тастай аласыз.
8.5. Деректерді тасымалдау құқығы.
Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді құрылымдық және машинамен оқылатын форматта алуға, сондай-ақ осы деректерді басқа ұйымға беруге құқығыңыз бар.
Сіз бұл құқықты Сіздің деректеріңіз Сіздің келісіміңіз немесе қол қойылған шарт негізінде электрондық түрде өңделген кезде пайдалана аласыз, онда Сіз тараптардың бірі болып табыласыз және бұл құқық қолданыстағы заңнамамен нақты анықталған және техникалық іске асырылған.
8.6. Қарсылық білдіру құқығы.
Сіз өзіңіздің дәлелді қарсылығыңыз негізінде кез келген уақытта өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қарсы тұруға құқығыңыз бар:
1) қоғамдық мүдделер үшін міндеттерді орындау немесе бізге жүктелген ресми өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) Сіздің құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызды қорғау үшін осындай мүдделер қажет болған жағдайларды қоспағанда, біз немесе үшінші тарап қудалайтын заңды мүдделер.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді өңдемейміз, егер оларды өңдеу үшін сенімді заңды негіздерді көрсете алмасақ.
Сіз сондай-ақ кез келген уақытта маркетинг мақсатында дербес деректеріңізді өңдеуге, соның ішінде профильдеуге қарсылық білдіре аласыз, егер мұндай қарсылық қолданыстағы заңнамамен анық анықталса.
8.7. Келісімді қайтарып алу құқығы
Егер Сіздің деректеріңіз Сіздің келісіміңіз негізінде өңделсе, онда Сіздің оны қайтарып алуға құқығыңыз бар. Біз келісімді қарапайым қайтарып алу функционалын іске асырамыз:
1) email-жіберілімдерге келісімді қайтарып алу.
Өз келісіміңізді Сіз бірнеше тәсілдермен қайтарып ала аласыз:
a) әрбір жіберілген хатта бар "Жазылудан бас тарту" сілтемесі бойынша өту;
b) еmail-жіберілімнен Сіздің пікіріңізді жауап хатпен жіберу;
c) жеке кабинет баптауларында жіберілімді өз бетінше өшіру.
2) сайттағы жеке кабинетте дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу.
Өз келісіміңізді Сіз бірнеше тәсілдермен қайтарып ала аласыз:
a) сайттың жеке кабинетінің баптауларындағы аккаунтты жою ("баптаулар" бөліміндегі "аккаунтты жою" сілтемесі);
b) бізге 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен өтініш жіберу арқылы.
3) cookie өңдеуге келісімді кері қайтарып алу (cookie өңдеуден бас тарту).
Сіз өз келісіміңізді өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеу санаттарын сайттағы бақылау баптаулары көмегімен немесе cookie-ді пайдалану және автоматты логиндеу Саясатында көрсетілген нұсқаулар бойынша өшіру жолымен қайтарып ала аласыз (өңдеуден бас тарта аласыз). Cookie файлдарының түріне байланысты олар Сіздің құрылғыңыздағы браузерді жапқаннан кейін автоматты түрде жойылуы мүмкін. Егер автоматты түрде жою қарастырылмаған болса, онда Сіздің келісіміңізді қайтарып алғаннан кейін өңдеу тоқтатылады.
4) ақпараттық ресурстарды пайдаланумен байланысты емес мақсаттар үшін дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу.
Сіз өз келісіміңізді 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген бізге жолдау арқылы тәсілмен қайтарып ала аласыз.
8.8. Қадағалау органына шағым беру құқығы.
Егер Сіздің деректеріңізді қалай өңдейтінімізге, құқықтарыңызды қорғайтынымызға және орындайтынымызға күмәніңіз болса, Сіздің өз еліңіздің уәкілетті қадағалау органына шағым беруге құқығыңыз бар.
Егер Сіз Ресей Федерациясының азаматы болсаңыз немесе Ресей Федерациясының аумағында болсаңыз, онда қадағалау органының байланыстарын Роскомнадзор сайтынан көре аласыз.
Егер Сіз Еуропалық Одақтың азаматы болсаңыз немесе Еуропалық Одақтың аумағында болсаңыз, онда қадағалау органының байланыстарын деректерді қорғау жөніндегі Еуропалық кеңесінің сайтынан көре аласыз.
Егер Сіз Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізіміне кірмейтін мемлекеттің азаматы болсаңыз немесе Сіз осы мемлекеттің аумағында болсаңыз, онда қадағалау органының байланыстарын Сіз осы мемлекеттің уәкілетті органының ресми сайтынан біле аласыз.
8.9. Деректер субъектісін сәйкестендіру үшін қосымша ақпарат сұрау.
Егер Сіздің құқықтарыңызды іске асыру үшін Сіз берген мәліметтер жеткіліксіз болса, онда біз Сіздің жеке басыңызды сенімді растау мақсатында Сізден қосымша ақпарат сұрай аламыз. Біз қосымша ақпараттың ең аз қажетті құрамын сұрауға тырысамыз. Сізбен қосымша ақпарат берілмеген жағдайда, біз Сіздің құқықтарыңызды жүзеге асыра алмаймыз. Егер біз Сізден қосымша ақпарат сұраған кезде Сіздің құқықтарыңызды бұзамыз деп ойласаңыз, Сіз тиісті қадағалау органына шағым түсіре аласыз.
8.10. Сіздің құқықтарыңыз бойынша ақпарат беру шарттары.
Сіздің құқықтарыңызды іске асыруға байланысты ақпарат тегін беріледі. Егер Сіздің сұрауыңыз анық негізсіз немесе шамадан тыс болса, атап айтқанда оның қайталанатын сипатына байланысты, біз жауап беруден бас тарта аламыз немесе сұралған ақпаратты беру үшін ақы аламыз.
8.11. Сіз өз құқықтарыңызды қалай жүзеге асыра аласыз.
Сіздің құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін біз бірнеше жолдарды ұсынамыз:
1) Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді қорғауға байланысты өтінішіңізді бізге жіберу үшін сайтта орналастырылған кері байланыс нысанын пайдалана аласыз;
2) жеке кабинеттің функционалын пайдалану кезінде Сіздің құқықтарыңызды өз бетіңізше іске асыра аласыз;
3) неғұрлым маңызды сұрақтар бойынша Сіз 13 "Байланыстар" бөлімінде көрсетілген тәсілмен деректерді қорғау үшін жауапты тұлғаға тікелей хабарласа аласыз.
8.12. Біз Сіздің құқықтарыңызды жүзеге асыра алмаған кезде.
Қолданыстағы заңнама талап еткен кезде біз өз міндеттемелеріміздің және Сіздің құқықтарыңыздың көлемін шектей аламыз.
Егер Сіздің дербес деректеріңіз өңделсе, бұл шектеулер қолданылуы мүмкін:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде;
2) қорғау үшін;
3) қоғамдық қауіпсіздік үшін;
4) қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді қорғауды және алдын алуды қоса алғанда, қылмысты істер жасағаны немесе қылмыстық жазаларды орындағаны үшін алдын ала тексеруді, тергеуді, жеке басын анықтауды немесе соттық қудалауды жүзеге асыру кезінде;
5) Сіз орналасқан мемлекет үшін заңды қоғамдық мүддені білдіретін басқа да маңызды мақсаттар үшін, атап айтқанда, маңызды экономикалық немесе қаржылық мүдделер, соның ішінде ақша, бюджет және салық мәселелері, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру;
6) соттың және сот ісін жүргізудің тәуелсіздігін қорғау мақсатында;
7) реттелетін кәсіптер үшін этика бұзушылықтардың алдын алу, тергеу, анықтау және қудалау үшін;
8) ресми өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты мониторинг, инспекция немесе реттеу функциясын орындау үшін;
9) Сізді немесе Сіздің Құқықтарыңызды және басқа адамдардың бостандықтарын қорғау үшін;
10) азаматтық-құқықтық талап қою құқығын іске асыру және соттардың шешімдерін орындау үшін.
Сондай-ақ, кейбір құқықтарды іске асыру үшін ерекше шарттар бар, оларды орындамай, құқықты жүзеге асыру мүмкін емес, атап айтқанда:
Жою құқығы үшін ерекшеліктер:
1) пікір және ақпарат білдіру бостандығы құқығын жүзеге асыру үшін;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өңдеуді талап ететін немесе қоғамдық мүдде үшін немесе бізге қолданылатын заңнамамен жүктелген ресми өкілеттіктерді жүзеге асыру тәртібімен орындалатын тапсырманы орындауға арналған заңды міндеттемені орындау үшін;
3) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қызығушылық түсініктері бойынша;
4) қоғамдық мүддедегі мұрағаттау мақсаттары үшін, ғылыми немесе тарихи зерттеулердің мақсаттары, немесе статистикалық мақсаттар үшін;
5) сот қуынымдарын қозғау, жүзеге асыру немесе қорғау үшін.
Өңдеуді шектеу (бұғаттау) құқығы үшін ерекшеліктер:
1) Сіздің келісіміңізбен заңды талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе қорғау үшін;
2) басқа жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын қорғау үшін;
3) мемлекеттің маңызды заңды қоғамдық мүдделерін қудалау мақсатында.
Егер Сіздің сұранысыңыз бойынша Сіздің құқығыңызды жүзеге асыра алмасақ, онда біз Сізге себептемелі бас тартуды жазамыз.
9. Cookie және автоматты логиндеу
5.2. Саясат тармағында аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін біз cookie және деректерді автоматты логиндеу технологияларын қолданамыз.
Cookie файлы – бұл құрылғыда (компьютерде, планшетте, смартфонда және т.б.) сақталатын шағын мәтіндік файл.
Автоматты логиндеу лог-файлға ұқсайды және біздің веб-серверлермен және қауіпсіздік жүйелерімен пайдаланылады.
Бұл деректерді өңдеу тек біздің сайтты қауіпсіз пайдалану үшін, сондай-ақ оның жұмыс сапасын жақсарту үшін арналған.
Біз Сіздің жеке басыңызды сәйкестендіру үшін мәлімет деректерін пайдаланбаймыз және біз бұл деректерді басқа деректермен біріктірмейміз, бермейміз және пайдаланушылардың жеке профильдерін жасамаймыз.
Осы технологияларды пайдалану туралы толық ақпаратпен Сіз Cookie және автоматты логиндеуді пайдалану Саясатында таныса аласыз.
10. Дербес деректерді үшінші елдерге беру кепілдіктері туралы ақпарат
Қатысатын елдері дербес деректерді қорғаудың барабар деңгейін қамтамасыз ететін елдер қатарына жатпайтын контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде, біз Еуропалық Комиссия, Роскомнадзор және ұлттық заңнама ұсынған стандартты шарттық талаптарды пайдаланамыз. Біз Сіздің дербес деректеріңізді қауіпсіздік пен құпиялылықтың ең үздік тәжірибесіне сәйкес қорғау үшін, қауіпсіздік шараларын қолдандық. Біз Сіздің ақпаратыңызды қорғау үшін сақтық шараларын қолданамыз.
11. Деректер қауіпсіздігі
Біз жинайтын және сақтайтын дербес деректер құпия ақпарат болып саналады. Олар жоғалтудан, өзгертуден немесе рұқсатсыз кіруден қорғалған. Ол үшін біз техникалық құралдар мен ұйымдастырушылық шараларды қолданамыз. Біз өзіміздің деректерді қорғау жүйелерін үнемі жетілдіріп отырамыз.
Біз өңдеу кезінде Сіз үшін тәуекелдерді анықтау үшін деректерді қорғауға әсерді бағалау процедурасын жүргіземіз. Біз анықталған тәуекелдерді техникалық және ұйымдастырушылық қорғау шараларын қолдану көмегімен азайтамыз.
Сіз, біз Сізге ұсынатын біздің сайтта Сіздің есептік жазбаңыздың құпия сөзін сақтауға жауаптысыз. Сіз бұл құпия сөзді құпия сақтауыңыз керек және оны ешқашан ешкімге бермеуіңіз керек.
12. Саясатты өзгерту
Біз Саясатқа өзгерістер енгізу құқығын өзімізде қалдырамыз.
Саясаттағы өзгерістер туралы біз Сізге қол жетімді барлық әдістерді қолдана отырып хабарлаймыз (тіркелу кезінде Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайы арқылы; Сіз кірген кезде біздің сайт арқылы).
Сізден, әр Саясат жаңартуларын үнемі қарап отыруыңызды сұраймыз.
13. Байланыстар
Бізге дербес деректерді қорғауға байланысты өтініштер жолдау үшін, Сіз кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.
Дербес деректерді қорғауға қатысты ең маңызды мәселелер бойынша Сіз деректерді қорғауға жауапты тұлғаға тікелей электрондық пошта мекенжайына жүгіне аласыз:
Аты: Дмитрий
Тегі: Наймушин
Электрондық пошта мекенжайы: privacy@sputniknews.com
Көрсетілген байланыстар тек дербес деректерді өңдеу және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатынына назар аударамыз. Дербес деректерді қорғауға байланысты емес өтініштер қаралмайды.
Дербес деректерді қорғауға қатысы жоқ өтініштер үшін, Сізден, Агенттіктің байланыстар тізімінен мекенжайды пайдалануыңызды сұраймыз.
Назар аударыңыз! Сіздің өтінішіңіздің тақырыбына қарай бөлімшені дұрыс таңдаңыз. Бөлімшені дұрыс таңдамаған кезде, Сіздің сұрауыңыз жауапсыз қалуы мүмкін, өйткені бөлімшелер тек өз құзыреті шеңберінде жауап береді.
23.01.2023
Жаңалықтар
0