Денсаулық

Pfizer вакцинасын ақылы түрде салуға бола ма

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEМедик набирает вакцину от коронавируса в шприц
Медик набирает вакцину от коронавируса в шприц - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Pfizer препаратын медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар салдыра алады
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп мәлімдеді Алматының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова.
"Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын ақылы негізде салу мәселесін қарады. Сол бойынша вакцинаны жеткізуші-өндірушімен келіссөздер жүргізілді. Бірақ қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді ол брифингте.
Қазір Қазақстанның бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, Pfizer препаратын медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар салдыра алады.
"Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ", - деп қорытындылады Әбдіжаббарова.
Айта кетері, қарашада сол кездегі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар Pfizer вакцинасы ақылы түрде салдыра алатынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0