Денсаулық

Ресей Қазақстанға "Спутник Лайт" вакцинасын тегін берді

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEКоробка с пузырьками с вакцинами от коронавируса
Коробка с пузырьками с вакцинами от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Қайта вакциналау жүргізу үшін Қазақстанға ресейлік бір компонентті вакцинаның жүз елу мың дозасы жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Жақын уақытта қазақстандықтар ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасымен қайта вакциналаудан өте алады: республикаға осы препарат партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды фармацевтикалық кешені.
" Азаматтарға ревакциналау жүргізу үшін Гамалея атындағы Ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген коронавирусқа қарсы бір компонентті препараттың 150 мың дозасы Қазақстанға тегін беріледі. Препарат Қазақстанға жеткізіліп қойды. Вакццинаны стикерлеу үшін біршама уақыт қажет", - деп жазылған хабарламада.
20 қаңтарға дейін "Спутник Лайт" вакцинасы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Фармация" СК қоймасына жеткізіледі.

Қазақстандағы қайта вакциналау ережесі

Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай бойы тұратын, коронавирусқа қарсы бірінші вакциналаудың толық аяқталған курсын алған шетелдіктерді қоса алғанда, республикада барлық азамат қайта вакциналаудан өтуге міндетті.
Коронавирусқа қарсы ревакциналау алғашқы вакциналау курсы аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң жүргізіледі.
Коронавирусқа қарсы бұған дейін екпе алған жүкті әйелдерге ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында "Комирнати" (Pfizer, АҚШ) вакцнасымен жасалады.
Коронавируспен ауырып жазылған және вирусқа қарсы алғашқы екпе курсын алған азаматтарға қайта вакциналау сауыққаннан кейін кемінде алты ай өткен соң жүгізіледі.
Коронавирусқа қарсы қайта вакциналауды алғашқы вакциналау курсы кезінде қолданылмаған вакцина түрімен (инактивтелген вакцина, векторлы вакцина, м-РНҚ-вакцина) жүргізуге кеңес беріледі.
Алайда вакциналаудың алғашқы курсы кезінде қолданылған коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта вакциналау кезінде қолдануға тыйым салынбайды.
Жаңалықтар
0