Денсаулық

Індет жұқтырған сәби жансақтау бөлімінде үш ай жатты – дәрігерлер себебін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Бір жасар бала инфекциялық стационарға тамызда түскен. Содан бері жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырып жатты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Павлодарда үш айдан астам уақыт бойы коронавирустан емделген бала жансақтау бөлімінен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл 8 тамызда бір жасар бала ауруханаға түскен. Бас кезінде ол стационарда емделді.

Бірақ бес күннен кейін оны "COVID-19 коронавирустық инфекциясы" диагнозымен шұғыл жансақтау бөліміне ауыстырған. Сәби ауыр жағдайға түсті.

"Бала жансақтау бөлімінде 94 күн жатты. Нұр-Сұлтандағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандары да пациентті бақылап отырды. Павлодарлық дәрігерлер республикалық деңгейде басқа да мамандармен бір емес, бірнеше рет кеңесті, консилиум өткізді", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, балада аралас коронавирустық пневмония анықталды. Өкпесі 36 процентке зақымданған. Оған қоса, коронавирус кезінде сирек кездесетін асқыну болды. Ол – пневмомедиастинум. Ондайда өкпеде ауа жиналып, адамның кеуде тұсы аурады. Бала жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.

Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты, өздігімен дем алып жатыр. Анасы да жанында.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0