НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жалпы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, нашарлаған жоқ. Өңірлердің бәрінде де вирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеді, ауыр науқастар мен стационарда, амбулаторияда емделіп жүргендер саны азайды", - деді Мамин үкімет отырысында.
Дегенмен, оның сөзінше, алты өңір әлі де "қызыл" аймақта. Олар: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Премьер-министр үкіметтің алдында 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу міндеті тұрғанын екенін атап өтті.
Қазіргі таңда 8 миллионнан аса адам бірінші компонент, 7,2 миллионға жуығы екінші компонент салдырған. Сондай-ақ тұмауға қарсы егу науқаны да жүріп жатыр: 1,4 миллион адам егілді.
Мамин егу науқаны бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналау жоспары қайта қаралғанын мәлімдеден еді. Айтуынша, бүгінде вакциналауға жататын халық саны – 11,4 миллион адам.