Қоғам

20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді – Цой

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
"Жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауға тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Цойдың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын және вакциналауға жататын халықтың 70%-тен астамының екпе алғанын ескеріп, ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 20 қазанынан карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік нысандардың (қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі және тағы басқа) пациенттеріне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғаны туралы құжат немесе мерзімі 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсету керек.

Сондай-ақ тек "жасыл" статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 проценттен аспауға тиіс:

  • "жасыл" аймақта 100 адамнан;
  • "сары" аймақта – 70 адамнан;
  • "қызыл" аймақта 50 адамнан көп емес.

Бұдан бөлек, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылады:

  • "жасыл" аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 05.00-ге дейін;
  • "сары" аймақта 01.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 03.00-ге дейін.
Жаңалықтар
0