17:47 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Маманның айтуынша кофені тәттімен қатар ішуге болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. Челябинскідегі "Борменталь" клиникасының салмақ тастау жөніндегі маманы Павел Исанбаев РИА Новостиге кофені тәтті тағамдармен бірге ішудің қаупін айтты.

"Кофе құрамында антинутриенттер – тағамнан алынатын микроэлементтер мен дәрумендердің сіңуіне кедергі келтіретін заттар болады. Осылайша, бұл сусынды тамақ арасында ішкен дұрыс", - дейді Павел Исанбаев.

Ол адамдардың кофені көбінесе тәттімен: қантпен, десертпен ішетінін атап өтті. Бірақ кофені тәттімен қатар ішуге болмайды. Сусын қандағы глюкозаның деңгейін уақытша жоғарылатады. Әдетте бұл адамға күш пен сергектік береді. Алайда кофеиннің әсері аяқталғаннан кейін ағза "қалыпты" күйіне келеді.

Оқи отырыңыз: Дәрігер сорпаның біз білмейтін қаупін атады

"Кофемен бірге тәтті жесек, онда ағзадағы глюкозаның мөлшері шамадан тыс жоғарылайды, содан кейін күрт төмендейді. Гипогликемия пайда болуы мүмкін. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, суық тер, ұйқышылдық. Бұл жағдай кейбіреулерде айқын көрініс тапса, екіншілерде аз байқалады. Адам ағзасына байланысты. Кофеден кейінгі метаболизм басқаша, сондықтан өзіңіздің ағзаңызды бақылаңыз", - дейді Павел Исанбаев.

Кілт сөздер:
кофе
Загрузка...

Басты тақырып