НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым - Sputnik. Дәрігер, тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде сорпаның пайдасы мен зияны туралы айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Маман сұйық тамақ денсаулыққа көп жағынан пайдалы екенін атап өтті. Мясников сорпаның ас қорыту жүйесі үшін қажеттілігін ескертті. Дегенмен дәрігер бұл құнарлығы жоғары, құрамында тұз мөлшері көп ас екеніне назар аударады.
"Біз бір күн ішінде жейтін тағамдарымыздың қайсысында тұз мөлшері көп? Ең тұзды тағамдар - бұл нан мен сорпа", - деп түсіндірді Мясников.
Ол 50 жастан асқан адамдар, сондай-ақ гипертониямен немесе басқа жүрек ауруларымен ауыратын адамдар тәулігіне 2,5 граммнан көп емес мөлшерде тұз тұтынуы керек екенін айтты. Ал оның сорпадағы мөлшері едәуір жоғары.
Оқи отырыңыз: Жұмыртқаны қалай жеу керек - маман кеңес берді
Мясников тауық сорпасының пайдасын растады, алайда оны негізгі аспен ішкен дұрыс.