Денсаулық

Жастардың вакцина салдыру қарқыны төмен: алматылық дәрігерлер алаңдаушылық білдірді

© Sputnik / Тимур БатыршинДевушки в масках на улице
Девушки в масках на улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
20-40 жас аралығындағы тұрғындардың аз қамтылуы алаңдаушылық тудырады, дейді қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі

АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада жастардың коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қарқыны алаңдатушылық тудырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, қазірге дейін қалада 316 407 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші бөлігін салдырды, ал 201 517 екінші компонентін алды.

"Вакцина салдырғандардың ішінде 60 жастан асқан кісілер 30 821 адамды құрайды. 20-40 жас аралығындағы тұрғындардың аз қамтылуы алаңдаушылық тудырады. Кеше жүргізілген бақылау нәтижелерінен жастардың топ болып жиналып, санитарлық талаптарды сақтамайтынын көріп отырмыз", - деді Табынбаев.

Ал коронавирустан қайтыс болған адамдардың 80%-дан астамы 60 жастан асқан үлкен кісілер. Соған байланысты алматылық дәрігерлер жастарды отбасы мүшелерінің денсаулығын ойлауға шақырды.

Айта кетейік, қазір алматылықтар ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және Hayat-Vax вакцинасын салдыра алады.

Ауруханадағы науқастар саны азайды

Басқарма ақпаратына сәйкес, қалада 6 маусымда 143 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 118 адамда ауру белгілері бар. Табынбаевтың сөзінше, қалада ауруханаға жатқызылатын науқастар саны азайып жатыр.

"Ауруханаға жатқызу деңгейі 190-200 науқастан мамырдың ортасынан бастап тәулігіне 80-90 адамға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды", - деді Табынбаев.

Оқи отырыңыз: Алматы "сары" аймаққа өтті: Бекшин науқастар санының азаюына не әсер еткенін айтты

Айта кетейік, 14 маусымнан бастап қалалық орталық клиникалық ауруханасы мен Байзақов көшесінде орналасқан Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалындағы коронавирус стационары жабылып, қалыпты жұмыс режиміне оралады.

Жаңалықтар
0