Денсаулық

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 26 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / MIGUEL SCHINCARIOLПациент в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Пациент в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Оң бір мыңға жуық қазақстандық еліміздің ауруханаларында емделіп жатыр, 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Өткен тәулікте 24 қазақстандық коронавирустан және екі адам пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ 1747 адамнан коронавирус, 80 адамнан пневмония анықталды.

28 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 30 153  адам бар (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-), оның ішінде 11 432   пациент стационарда, 18 721 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырау облысы "қызыл" аймақтан шықты

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 665 науқас ауыр жағдайда,
  • 154 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0