НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Атырау облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Енді "қызыл" аймақта Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, төрт өңір қалды – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте 1700-ден астам адамнан коронавирус табылды
"Сары" аймақта бес өңір бар: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ең үлкені – "жасыл" аймақ. Қазір онда Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.