09:35 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (222)
145 0 0

Акция 21 мамыр күні ғана таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін үш жерде ғана ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Бүгін Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың арасында ұтыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Акция бүгін – 21 мамырда ғана таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін үш жерде ғана ұйымдастырылады. Олар - "Строй Сити", "Ақбұлақ" және "Жібек жолы" сауда үйлерінде орналасқан вакциналау пунктері. Ұтысқа екпенің бірінші дозасын алатын тұрғындар қатыса алады.

Лотереяның тәртібі бойынша вакцина салдырған адам лототронға барып, кез келген шарды таңдайды. Соның ішінде сыйлықтың атауы жазылған. Әрбір шарда міндетті түрде бір зат бар. Ұтысқа қолшатыр, блокнот, суға арналған бөтелке, портмоне, орамал, флэшка және фен қойылған. Ал бас жүлделер – шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш және ыдыс-аяқ жиынтығы.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Қазақстанда 7 өңір "қызыл" аймақта тұр

Акцияны Алатау әкімдігі мен жергілікті медицина ұйымдары бастап отыр. Оларға кәсіпкерлер қолдау білдірді.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (222)

Тақырып бойынша

Коронавируспен ауырған қазақстандықтар шипажайға тегін жолдаманы қалай ала алады
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбеюі мүмкін – басқарма себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтанда ЭКО-ға квотаны қалай алуға болады
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады
Кілт сөздер:
коронавирус, ұтыс, акциялар
Загрузка...

Басты тақырып