Денсаулық

Алматыда бұрын-соңды болмаған ұтыс өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневВакцинация в ТРЦ "Мега" в Нур-Султане
Вакцинация в ТРЦ Мега в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Акция 21 мамыр күні ғана таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін үш жерде ғана ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Бүгін Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың арасында ұтыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Акция бүгін – 21 мамырда ғана таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін үш жерде ғана ұйымдастырылады. Олар - "Строй Сити", "Ақбұлақ" және "Жібек жолы" сауда үйлерінде орналасқан вакциналау пунктері. Ұтысқа екпенің бірінші дозасын алатын тұрғындар қатыса алады.

Лотереяның тәртібі бойынша вакцина салдырған адам лототронға барып, кез келген шарды таңдайды. Соның ішінде сыйлықтың атауы жазылған. Әрбір шарда міндетті түрде бір зат бар. Ұтысқа қолшатыр, блокнот, суға арналған бөтелке, портмоне, орамал, флэшка және фен қойылған. Ал бас жүлделер – шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш және ыдыс-аяқ жиынтығы.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Қазақстанда 7 өңір "қызыл" аймақта тұр

Акцияны Алатау әкімдігі мен жергілікті медицина ұйымдары бастап отыр. Оларға кәсіпкерлер қолдау білдірді.

Жаңалықтар
0