Денсаулық

Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар саны артты – министрлік статистиканы жариялады

© AFP 2024 / ROBERT ATANASOVSKIВрач подготовила шприц с вакциной от коронавируса для прививки пациента
Врач подготовила шприц с вакциной от коронавируса для прививки пациента - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ресейлік "Спутник V"-дің тиімділігі 92 процент екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентінен кейін 541 адам, ал екінші дозасынан кейін 104 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз бірінші компонент болсын, екінші компонент болсын, вакциналаудан кейін міндетті түрде мониторинг жүргізіп отырамыз. Бүгінде республика бойынша вакцинаның бірінші дозасынан кейін 541 адам, ал екінші компонентінен кейін 104 адам вирус жұқтырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда комитет төрағасы вакциналардың тиімділігіне тоқталды. Мәселен, ресейлік "Спутник V"-дің тиімділігі – 92 процент. Демек, осы вакцина алған адамдардың 8 проценті коронавирусты жұқтыруы мүмкін. Себебі вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспайды.

"Ал жалпы екпе алған адамдарға шаққанда вакцинадан кейін коронавирусты жұқтыру көрсеткіші бірінші компоненттен кейін 0,02 процент, ал екінші компоненттен кейін 0,03 процент болып тұр. Осының өзі екпенің тиімді екенін көрсетіп отыр", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Ол адамдардың вирусты инкубациялық кезеңде, яғни вакциналаудан кейін 14 күн ішінде жұқтыратынын айтады.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

"Мен атап өткен жағдайлардың біреуі Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін, қалғандары ресейлік "Спутник V" вакцинасын салғызғаннан кейін болған", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 14 мамырда өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығы филиал директорының орынбасары Манар Смағұл вакцинаның екі бірдей дозасын алғандардың ішінде 44 адам коронавируспен ауырып қалғанын айтқан.

Жаңалықтар
0