Мәдениет

Тоқаев Абай атындағы сыйлықты кімдерге берді

© Sputnik / Абзал КалиевКітап сөресі
Кітап сөресі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік сыйлықты иеленгендер арасында Сауытбек Абдрахманов, Мырзатай Жолдасбеков, Роза Мұқанова бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Ақорда сайты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлығын жариялады.

Президент жарлығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

  • Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;
  • Ақсұңқар Серікке, ақын – "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;
  • Есім Ғарифоллаға, жазушы – "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;
  • Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
  • Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;
  • Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
  • Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін берілді.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
0