НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Ақорда сайты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлығын жариялады.
Президент жарлығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;
- Ақсұңқар Серікке, ақын – "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;
- Есім Ғарифоллаға, жазушы – "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;
- Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;
- Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;
- Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;
- Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін берілді.
Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.