Мәдениет

Әнші Ғаділбек Жанай қазақша киім кию бұрын ұят болғанын айтты

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуұлттық киім
ұлттық киім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншінің пікірінше, бүгінгі заманға лайықталып жасалған ұлттық киімдердің түрі өте аз

АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Қазақша киінуді жеңіл пиарға айналдырушылар мәселесі "Ел аузында" бағдарламасында талқыланып, әнші Ғаділбек Жанай өз пікірін ортаға салды.

Оның айтуынша, ұлттық киім кию бұрын қатты ұят болған.

"Білмеймін неге екенін. Сондай уақыт болды. Қазақша киінсең баяғыны, ескіні көксеп жүрген адам секілді боп көрінетінсің. Әрине, ол дұрыс емес қой. Әр халықтың өз ерекшелігі бар", - дейді ол.

Ал қазір, әншінің айтуынша, ұлттық киім - қазақты әлемге танытатын таптырмас бренд.

Сақина - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қайтем жасырып..." Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты - видео
"Меніңше, Қазақстан әлемге ұлттық дәстүрімен, домбырасымен, ұлттық киімдерімен қызық бола алады", - дейді Ғаділбек.

Сапалы ұлттық киімдердің бағасын қымбат көрушілер де табылып жатады. Алайда, әнші бұл арада мәселе бағада емес, адамдардың психологиясында екенін айтады.

"Қымбат шубаны сатып алсақ, оны қымбатсынбаймыз. Ал ұлттық реңкі бар киімдерді алуға келгенде, оны қымбат деп шығамыз. Неге? Ол біздің ұлттық құндылық қой, әрине оның қымбат болуы орынды", - дейді ол.

Оның пікірінше, ұлттық киімнің бүгінгі заманға лайықталып жасалған киімдердің ассортименті өте аз.

Жаңалықтар
0