Қоғам

"Қайтем жасырып..." Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты - видео

© Sputnik / Табылды КадырбековСақина
Сақина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі бес әйелі барын айтты. Бесеуі де тату-тәтті жақсы тұрады екен

АСТАНА, 13 наурыз - Sputnik. Кезінде тарап кеткен "Нұрлан мен Мұрат" тобының экс-әншісі Нұрлан Әміров бес әйелі барын, оның тек үшіншісімен ғана заңды некеге отырғанын ашық айтты.

Бұл туралы әнші "Өз ойым" бағдарламасында берген сұхбатында мәлімдеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Өз ойым" ток-шоу (@oz_oiym7)

"Алла тұр ғой, шынымды айтайын, менің бес әйелім бар. Барлығын жақсы көрдім. Олар бір-бірімен жақсы араласады. Бес әйелімнен алты балам бар", - дейді ол.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекболат Тілеухан көп әйелін қалай тату ұстап отырғанын айтты

Әміров үш әйелінің тұрмысқа шыққанын, қазір екеуімен ғана тұрып жатқанын да айтты.

Қазақстанда ажырасқан жұлдыздар кімдер?

"Бірінші әйелім тұрмысқа кетті. Одан бір ұлым бар. Ол менің қолымда. Ұлды үйлендірдім, бірге тұрамыз. Екіншісі де тұрмысқа шыққан. Одан бір қызым бар. Үшіншісі менде. Төртіншісі де күйеуге тиіп кетті. Бесіншісімен біргеміз", - дейді әнші.

Әншінің ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен.

Үш әйел алған қария төртіншісіне де үйленгісі келетінін мойындады

Айта кетелік, Нұрлан Әміров отандық бағдарламаларға берген тағы бір сұхбатында қыз-келіншектерді сынаймын деп көптің сөзіне қалған еді. Оның пікірінше, көп әйел бала туған соң бетпердесін шешіп, өзгеріп шыға келеді екен.

Күйеуінің тоқал алғанын білген бәйбіше тойда жанжал шығарды - видео

Жаңалықтар
0