Мәдениет

Димаш Астанада өткен алғашқы жеке концертінде лық толы стадион жинады

© Sputnik / Айгюзель КадирДимаш Құдайбергеновтың Астанадағы концерті
Димаш Құдайбергеновтың Астанадағы концерті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайбергеновтің концертіне Америка, Германия, Канада, Қытай, Франция және басқа да елдерден келген жанкүйерлері жиналды

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Димаштың Астанада өткен орасан зор "Bastau" музыкалық шоуына 30 мыңнан астам көрермен жиналды. 

Джеки Чан Астанада Димашпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Видео
Димаш Джеки Чанға қытайша ән орындап берді

Кеш жүргізушілері эмоцияларын жасырмай, соңғы жылдары бірде-бір қазақстандық әншінің "Астана-Аренада" лық толы стадион жинамағанын атап өтті. 

Димаш Құдайбергенов Астанада алғашқы жеке концертін берді. Әнші 20-ға жуық ән орындады, олардың екеуі қытай тілінде, біреуі – француз тілінде (SOS d'un terrien en detresse). Димаш "Дайдидау", сонымен қатар Майра Мұхамедқызымен орындаған "Аққуым" әнімен көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. 

"Ел мақтанышы және менің ұстазым! Қанша мақтасам да тыс аз болады", — деп таныстырды Димаш Майра Мұхамедқызын. 

"Астана-Арена" сахнасында сондай-ақ Димаштың "I am a singer" шоуындағы бұрынғы қарсыласы қытайлық әнші Терри Лин өнер көрсетті. 


Жаңалықтар
0