Видео

Димаш Джеки Чанға қытайша ән орындап берді

Жазылу
Димаш Джеки Чанды Астанада құшақ жая қарсы алды

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik, Айымгүл Әбіл. Танымал актер және режиссер Джеки Чан қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келді. Актерді оның өнеріне табынушылар ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чанды Астанаға қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына құрметті мейман ретінде шақырды. Астанаға түнде ұшып келген актерді қала әкімі мен оның өнеріне табынушылар әуежайдан күтіп алды.

© Sputnik / Болат ШайхиновДжеки Чан Астанаға келді
Джеки Чан  Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
1/2
Джеки Чан Астанаға келді
© Sputnik / Болат ШайхиновДжеки Чан Астанаға келді
Джеки Чан  Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
2/2
Джеки Чан Астанаға келді
1/2
Джеки Чан Астанаға келді
2/2
Джеки Чан Астанаға келді

Фестиваль ашылмас бұрын Джеки Чан баспасөз мәслихатын өткізді. Өкінішке қарай, уақыт тығыз болғандықтан, ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төрт-бес сұрағына ғана жауап берді. Көпшілікті танымал актердің Димаш Құдайберген туралы қайдан естіп, қалай танысқаны қызықтырды.  

Еске сала кетсек, Қытайда "I am singer" жобасына қатысқан уақытта Димаш туралы Джеки Чан естіп, әншіні кездесуге шақырған болатын. Ол Димашқа жылы лебізін білдіріп, эксклюзивті күртешесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан еді. Өз кезегінде Димаш әйгілі актердің иығына қазақтың шапанын жауып, домбыра тарту етті.

"Бір күні теледидар қосып қалсам, тамаша әнші Димаштың өнер көрсетіп жатқанын көрдім. Ол керемет жоғары даусымен ән орындап, барлық көрермендерді, соның ішінде мені де тәнті етті", — деді Джеки Чан баспасөз мәслихатында. 

Сосын Джеки Чан Димаштың өзінің фанаты екенін біліп, кездесуге шақырған. 

"Мен Димашпен кездесуге өте қуанышты болдым. Оның келешекте кинематографияның үлкен жұлдызы болатынына сенімдімін", — деп қосты ол.

 Сондай-ақ, Джеки Чан Қазақстанға келіп, осы жерде кино түсіру көптен бергі арманы екенін айтты. 

"Он жыл бұрын Қазақстан елшісі Гонконгта Қазақстанның байлығы туралы әңгімелеп берген болатын. Бес жыл бұрын да елшіден Қазақстан туралы көп естідім. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, кинематографиямен айналысу арманым болды. Бірақ, өкінішке қарай, жұмысбастылыққа байланысты бүгінгі күнге дейін бұл арманым орындалмады. Дегенмен, болашақта мен міндетті түрде Қазақстанға келіп, киномен айналысуды жоспарлап отырмын", — деп ағынан жарылды актер. 

Бұл орайда танымал актер еліміздің сұлу табиғатына тәнті болғанын, сондықтан экшн-көріністер түсіремін деп, оған зиян келтіруге қорқатынын да айтты. 

Баспасөз мәслихатында Джеки Чан өмірдегі ұстанымдары мен атақ-даңққа жету жолымен бөлісіп, қайырымдылық туралы сұраққа жауап берді. Әрі актер қазақстандықтарды Бейжіңде келесі жылы ашылатын өзінің кунг-фу мектебіне шақырды. 

Ал қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатында Джеки Чан "Отан" деген әнін орындады. Осы кезде актерге қошемет көрсетуге сахнаға Димаш Құдайберген шықты. Екеуі құшақтасып көріскеннен кейін Димаш Джекиге қытай тілінде ән шырқап берді. 

Айта кетейік, қытай киносы фестивалі аясында киносүйер қауымға соңғы жылдардағы үздік қытай фильмдері ұсынылады. Барлығы фестиваль бағдарламасы бойынша 7 —18 маусым аралығында 6 фильм көрсету жоспарланған.  

 

Жаңалықтар
0