АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Димаш Құдайберген Парижде Global Gift Gala қайырымдылық кешінде әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, ән шырқады.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Global Gift Gala қайырымдылық кешіне белгілі америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын. Димаш кеште All by myself әнін орындады. Айта кетейік, бұл әнді Димаш Қытайда Singer байқауында тоғызыншы турда шырқаған еді.
Global Gift Gala қайырымдылық кешінде Димаш әртіс, продюсер Мария Бравомен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті.
Сондай-ақ, желіде Димаштың кеште Ева Лонгориямен бірге билеп жүрген сәті жарияланды.