13:19 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
114 0 0

30 қараша – 1 желтоқсан аралығында Латвия астанасында өткен НАТО сыртқы істер министрлерінің саммитінде Ресеймен күресудегі "Балтық майдананың" маңыздылығы айтылып, Еуропадағы термоядролы даудың аражігін анықталды

Саммит кезінде Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг ең назар аударарлық мәлімдемелер жасады. Бұл Шығыс Еуропада ядролық қару орналастыру ықтималдылығына, НАТО елдері Украина үшін Ресеймен соғыспайтынына, Ресейдің ешқандай ықпал ету аясы жоқ екеніне қатысты.

Осы мәлімдемелермен қатар Латвияның Адажи полигонында артиллериялық аппараттан оқ атылып, соққы жасаушы авиация әуеге көтерілді, Албания, Чехия, Италия, Исландия, Канада, Черногория, Польша, Словакия, Слоевения, Испанияның 1500-ден астам әскери қызметкері НАТО-ның Winter Shield 2021 оқу-жаттығуы (22 қараша – 4 желтоқсан) аясында қызу әрекет етіп жатты. Дәл осы уақытта Латвияның Ұлттық әскери күштеріне қарасты 3 000 әскери The Decisive Point оқу жаттығуы аясында (14 қараша – 12 желтоқсан) шекара маңында ірі ауқымды маневрларды орындап жатты.

Альянстың Балтық маңындағы театрландырылған әскери іс-әрекеті аясында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиза Трасс Санкт-Петербургтан шамамен танкпен 200 километр қашықтықта жүріп өтті. Қалай дегенмен, ресейлік министр Сергей Лавровтың да дәл осындай әрекетке баруын елестетудің өзі мүмкін емес.

АҚШ эсминецтері Украинаға көмекке келе ме

Сонымен қатар Вашингтон Донбастағы "Ресейдің жаулық қадамдарына жауап ретінде" Мәскеуге қатысты қаржы-экономикалық шаралар қабылдауға шақыруы да саммит аясында айтылды. Бұл мәлімдемені Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки жасады. Айта кету керек, Ресей Федерациясы Қарулы күштерін Украинада қолдану-қолданбау Киев режимінің шешімдеріне байланысты болады.

Бас хатшы Йенс Столтенбергтің жоғарыда айтылған мәлімдемесінің артында Вашингтон сілтемесі тұрғаны белгілі. Сондықтан оның америкалық ядролық қаруды "Германиядан шығысқа қарай" орналастыру туралы ойы да алдын ала жоспарланған. Біраз бұрын Столтенберг "Германияның Әскер-әуе күштері қолбасшылығы осы ел аумағында сақтаулы тұрған америкалық ядролық қаруды қажеттілік итуындаған жағдайда қолдануға Пентагон рұқсатын алды" деген мәлімдеме жасады.

АҚШ 480-ге жуық В61-12 модернизацияланған термоядролы авиабомбасын шығарса, оның 150-і Еуропа арсеналында жатыр. Пентагонның ол бомбаларды тарихи отанына алып шығатын түрі жоқ. Керісінше, термоядролы арсенал мейілінше Ресей шекарасына жақын орналасуын көздеп отыр. Грузия мен Украинаның реті келмесе, онда F-35А тасымалдағыштарын қабылдай алатын авиабазалар және В61-12 жерасты қоймалары бар Польша мен Балтық елдеріне үміт артуда.

АҚШ Украинаны соғысқа итермелеп отыр ма

Әйткенмен 2008 жылдың тамызында Оңтүстік Кавказда және 2014 жылдың көктемінде Украинадағыдай ауқымды әскери-саяси сын-тәуекел кезінде Ресейдің де қарап жатпасы анық. Сондықтан Ресей президенті Владимир Путиннің 1 желтоқсанда Мәскеу НАТО-ның РФ шекарасына жақын аумақта қауіпті техника орналастыру арқылы шығысқа қарай жылжуына жол бермейтін келісімдердің жасалуын талап ететінін мәлімдеді.

НАТО-ның таусылмайтын көпұлтты маневрлер сериясы мен Латвия, Литва және Эстонияда шетелдік әскери базалардың құрылысы, Ресейге қарсы Украина мен Грузияны белсенді түрде қаруландыру және "игеру", Вашингтон мен Брюссельдің ойдан шығарылған ресейлік қауіп туралы дәйексіз мәлімдемелері Мәскеуді қарсыластың көзін жылдам әрі тиімді жоятындай деңгейде арттыруға мәжбүрлеп отыр.

Осыған байланысты Ресейде Ту-160М модернизацияланған стратегиялық зымыран тасымалдағыштардың сериялық өндірісі басталады. Сонымен қатар Шығыс Еуропадағы қауіпке жауап ретінде Ресей Куба, Иран, Сирия, ҚХДР және басқа да елдермен өзара ынтымақтастық негізінде стратегиялық қанатты зымырандарды орналастыру шарасын қарастырады. Мысалы, 30 қарашада Беларусь президенті Александр лукашенко ресейлік ядролық қаруды орналастыруы ықтимал екенін жариялады.

Батыс әскери округінің барлық зымыран бригадалары біраз бұрын "Искандер-М" зымыран кешендерімен қайта жасақталды. Олар Шығыс Еуропадағы кез келген әскери нысанды жоюға мүмкіндік береді. Үлкен қашықтыққа ұшатын С-400 зениттік зымыран кешендері және Су-30СМ, Су-35 ауыр жойғыш ұшақтары Беларусь пен Ресейдің әуе шекараларын сенімді түрде қорғап отыр. Балтық теңізінде Ресей әскери-теңіз күштері сан жағынан да, сапа жағынан да басым.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы

Кілт сөздер:
АҚШ, зымырандар
Загрузка...

Басты тақырып