17:31 09 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.46
  • EUR490.29
  • RUB5.90
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Вашингтон "қыста ресейлік әскер басып кіреді" деп Украинаны әбден дүрліктіріп қойды. Тіпті, Борисполь әуежайына 80 тонна оқ-дәріні де жеткізіп үлгерді. Енді жаңа қару-жарақ пен әскери кеңесшілердің жіберуді жоспарлап отыр

АҚШ танкіге қарсы "Javelin" кешендерімен шектеліп қалмайды. Киевке Ми-17 тікұшақтары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары - Stinger мен Patriot жеткізілуі әбден мүмкін. Пентагон "Патриоттармен" қоса арнайы мамандарын да жібереді. Себебі Украинаның қарулы күштерін үйретіп отыруға уақыт жоқ.

Сосын НАТО талаптарына сәйкес, АҚШ-тың кеңесшілері шұғыл жоспарлауға және украиналық әскерді басқаруға жауап береді. Олар Донбассқа әлі барған жоқ. Әскери техника да жеткізілмеді. Алайда барлығы осы бағытта жұмыс істеп жатқан сияқты.   

20 қараша күні Киевтегі АҚШ елшілігінің әскери атташесі, полковник Брендон Пресли Пентагонның барлау офицерлерімен бірге Донбассқа барып, Пески мен Марьинка елді мекендеріне жақын жерді аралап шықты. Бұның бәрі Преслидің қызметтік міндеттеріне кірмейді. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг өткен аптаның соңында Украинаның шекарасына жақын жерде ресейлік әскердің көптеп шоғырланғанын мәлімдеді.

Оған қоса, Пентагон Еуропадағы одақтастарына карталарды да берген. Онда 100 батальондық тактикалық топтардың орналасқан жері көрсетілді. Осылайша, Ресей 2022 жылы қаңтар-ақпан айларында бірнеше бағытта Украинаға басып кіреді-міс.

Вашингтон дегеніне жете ме?

Осы айдың басында Украинаның қорғаныс министрлігі шекараға жақын жерде ресейлік әскердің шоғырланғанын жоққа шығарды. Ал 18 қарашада қорғаныс министрі Алексей Резников пен Пентагон басшысы Ллойд Остиннің кездесуінен кейін қарама-қайшы ақпарат сап тыйылды. 

Үш күннен кейін Украина қарулы күштерінің бас барлаушысы Кирилл Буданов "ресейлік басқыншылықтың" қаңтар-ақпанда жоспарланып отырғанын растады. Тіпті, ол "агрессияның" қалай басталатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, алдымен әуеден шабуыл жасалады. Онымен қатар артиллериялық және танкіге қарсы соққылар болады. Шығыста әуеден десанттар түссе, Одесса мен Мариупольде теңіз десанттары шығады. Сондай-ақ, Беларусь жақтан қосымша шабуылдан ұйымдастырылады. Будановтың болжамына сәйкес, Украинаның қарулы күштері 14 мың адамнан айырылуы мүмкін. 

Дүйсенбі күні Украинаның ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексек Данилов ресейлік армия кірген жағдайда Батыстың көмегіне кепілдік бар екенін мәлімдеді. Киев болса, Вашингтоннан алдымен әуе қорғанысы мен зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын жеткізіп беруді талап етті. Бірақ ондай қару-жарақ мемлекеттік департамент пен конгрестің рұқсатымен ғана жіберіледі. Ал Украина жерінде АҚШ-тың қару-жарақтары көбейсе, Ресей оған өз шекарасына жақын тұрған НАТО-ның алаңы ретінде қарай бастайды.

Ресейдің ұстанымы қандай?

21 қарашада Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаның НАТО оқу-жаттығуларын желеу етіп, Донбасс мәселесін күшпен шешудің көздейтінін ашық айтты. Сыртқы барлау қызметінің пресс-бюро басшысы Сергей Иванов болса, АҚШ-тың дипломатиялық арналар арқылы өз одақтастары мен әріптестеріне жалған ақпарат таратып жатқанын мәлімдеді. Ресей әскери агрессияға дайындалып отырған жоқ. 

Ал АҚШ-тың Bloomberg ақпарат агенттігі маңызды бір мәселені ерекше атап өтті. "Путиннің қазіргі басымдығы соғыс емес, оған газды сатқан маңызды", - делінген ақпаратта. Осы орайда америкалық портал Батыстың жоспарын да айтып қалды. Ресей әскері Украинаның шығысындағы ұрыстарға қатысса, "Солтүстік ағын-2" жобасы мүлдем іске аспай қалуы мүмкін.

Мәскеудің басқыншылық жасайтын ойы жоқ болса да, батыс шекарасының қауіпсіздігі мен Донбасста тұратын жарты миллион ресейліктің тағдыры кез келген энергетикалық жобадан жоғары тұрады. Осыған байланысты Ресейдің қорғаныс министрлігі шекараны ТОС-2 "Тосочка" жаңа ауыр от ату жүйесімен күшейтуге кірісті.

Загрузка...

Басты тақырып