Астана тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын мәлімдеді – қылмыстық іс қозғалды
11:43 22.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Photo : СС0 / congerdesignДевочка завязывает шнурки на ботинках
© Photo : СС0 / congerdesign
Жазылу
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы қала тұрғындарының бірі баласын балабақшада ұрып-соққанын айтқаннан кейін қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда, оның айтуынша, іс қаралмай жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қыздың анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: