Оқиға

Түскі ұйқыдан оянбаған - Талғар балабақшасындағы 4 жасар қыз өлімінің мән-жайы

© Photo : РixabayИгрушка в руках ребенка
Игрушка в руках ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Талғар ауданының билігі балабақшада болған қайғылы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша — Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі төрт жасар бала өлімінің мән-жайын айтты.

Әкімдіктің хабарлауынша, қайғылы оқиға "Талғар-Нұрәлі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Бүлдіршін" балабақшасында болған.

"Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қараша сағат 15.20 шамасында бала түскі ұйқыдан оянбаған. Олар жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына хабарын берген", - дейді әкімдіктегілер.

Балабақшаға дереу дәрігерлер бригадасы жеткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша баланың тамағынан қатты зат табылған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің жетекшісі барады.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, "Бүлдіршін" балабақшасы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Көз жұмған қыз өткен жылдың 8 қарашасынан балабақшаға барып жүрген.

Бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті 26 қарашада Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде кішкентай қыздың көз жұмғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Сот-медициналық сараптама кезінде қыздың тамағынан қатты пластмасса зат табылды. "Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді полицейлер.

Баланың өлiмiне кiнәлiлер бес жылға бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0