Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда балалар банк "тонауға" барған – видео

© Photo : PexelsТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ойыншық тапаншамен қойылымдық видео түсірген. Олардың әрекеті үшін ата-аналары жауап береді
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер әлеуметтік желіге видео түсіру үшін банк "тонауға" барған. Бірақ мекеме әкімшілігіне ескертпеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 102 арнасына банк менеджері хабарласып, белгісіз біреулердің клиенттерді тапаншамен қорқытып жүргенін айтқан. Оқиға орнына бірден полицейлер аттанды.
"Тексеріс кезінде 14-15 жастағы үш жасөспірімнің Достық көшесі бойындағы банк ғимаратына кіріп, тонау видеосын түсіргені анықталды. Олар ойыншық тапанша қолданған. Ал видео түсіргеннен кейін қашып кеткен", - дейді тәртіп сақшылары.
Алайда кәмелет жасқа толмағандар алысқа ұзаған жоқ. Оларды полиция бөлімшесіне жеткізді. Ата-аналарын да шақырған. Балалар бір жыл бойы "PVE. Film. Аcademy" киноакадемиясына барып жүргенін жеткізді. Сабақ кезінде оларға банк тонау видеосын түсіруге тапсырма берілді. Содан үшеуі ойыншық тапаншаны алып, банк ғимаратына барған. Қыз тапаншаны досына кезеп тұрған. Ал үшіншісі бәрін видеоға түсіріпті. Залда басқа адамдар да болған.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео 
Полицейлер киноакадемияның басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабы бойынша жауапқа тартты. Ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін балалардың ата-аналары жауап береді. Оларға 435-бап бойынша 7 АЕК (20 419 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0