Қоғам

Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМитинг в день выборов в Нур-Султане
Митинг в день выборов в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
21 және 23 жастағы екі күдікті дәмханада ішімдік ішіп, содан кейін жеңіл жолмен ақша тапқысы келген

АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында түнде есікті сындырып, банк ішіне кірген екі жігіт ұсталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Түнде сағат 02:30-да екі ер адам мас күйінде банктің шыны есігін сынырып, ғимарат ішіне кірген. Олар тонау әрекетін жүзеге асыра алмады, себебі қауіпсіздік дабылы іске қосылды. Күзет кәсіпорнының қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Олар екі күдіктіні ұстады", - делінген полиция ақпаратында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Полицияның хабарлауынша, 21 және 23 жастағы екі күдікті дәмханада ішімдік ішіп, содан кейін жеңіл жолмен ақша тапқысы келген.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға күзет дабылы мен бейнебақылау камераларын қоюды ұсынды.

Жаңалықтар
0