Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар онлайн оқытуға көшірілді

© Sputnik / Владислав ВодневДети идут в школу
Дети идут в школу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар қызметі 22-23 қарашада боран мен көктайғақ, жылдамдығы секундына 15-20 метр жел күтілетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында желдің күшеюі мен ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан білім алу форматына көшірілді.

"22 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқарамасы.

Бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары оффлайн форматта оқыды.

Дүйсенбі, 22 қарашада елордада қатты жел тұрды. 

Бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі Нұр-Сұлтанда 22-23 қарашада боран мен көктайғақ, жылдамдығы секундына 15-20 метр жел күтілетінін хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0