Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
11 қазан елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Осыған байланысты полиция жүргізушілерге үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Бір тәулікте елордада 70-ке жуық жол апаты тіркелген, қала полициясы жүргізушілерге жол ережесін сақтауға кеңес берді.

Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, бір тәулікте қалада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылды.

Жол сақшылары бүгін, 11 қазан ауа райы нашарлайтынын, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертті.

"Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, жолда мұқият болуға және жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықтықты сақтауға кеңес береді"- делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол сақшылары жаяу жүргіншілерді де барынша абай болуға шақырды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0