Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан көшелерінде SOS дабыл түймесі орнатылып жатыр – видео

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Нур- Султана"SOS дабыл түймелері"
SOS дабыл түймелері - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Елорда базарларында, ескі теміржол вокзалы мен сол жағалауда SOS дабыл түймесі пайда болды, жыл соңына дейін тағы орнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Енді астаналықтар мен қала қонақтары SOS дабыл түймесінің көмегімен полициямен шұғыл байланыса алады. Қазір елордада алты дабыл түймесі орнатылған.

Арнайы құрылғы қандай да бір төтенше жағдай кезінде дабыл сигналын жіберуге және полицияны шұғыл шақыруға арналған. Әсіресе, қолыңызда ұялы телефон болмағанда немесе ол бұзылып қалғанда мұның көп көмегі тиеді.

"Азаматтар осы құрылғының батырмасын басып, Жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен тез арада байланысуға мүмкіндік алады. Бейнекамераның көмегімен видео түсірілім, ал динамикалар арқылы аудиобайланыс жасалады. Барлық мәлімет автоматты түрде тіркеледі", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ержан Сәденов.

Қазіргі таңда қалада алты дабыл түймесі орнатылған: Есіл өзені жағалауында, базарлар мен сауда үйлерінің маңында, Гете көшесіндегі теміржол вокзалы алаңында.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Нур- СултанаSOS дабыл түймесі
Нұр-Сұлтан көшелерінде SOS дабыл түймесі орнатылып жатыр – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
SOS дабыл түймесі

Полиция ақпаратынша, жыл соңына дейін халық көп жиналатын орындарда барлығы 13 SOS түймесін қою жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0