Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан полициясы қаладағы жағдайға байланысты үндеу жасады – видео

Снег выпал в Нур-Султане 5 октября 2021 г
Снег выпал в Нур-Султане 5 октября 2021 г - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Қалада қалың қар жауды. Бір тәуліктің ішінде жүзге тарта жол апаты тіркеліп, кептеліс көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан –  Sputnik. Елорданың полиция департаменті қалың қар жаууына байланысты жазғы доңғалақты тезірек ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бір тәуліктің ішінде астанада 96 жол апаты тіркелді. Осыған байланысты жолда барынша абай болу керек. Рұқсат етілген жылдамдықты сақтап, тежегішті кенттен баспаған жөн. Сосын алдыңғы және қапталдағы арақашықтықты сақтау қажет", - дейді полицейлер.

Сондай-ақ полиция жаяу жүргіншілерге де абай болуға кеңес берді. Жолдан өткенде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлеспеген жөн.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ 100-ге тарта жол апатына себеп болды
Нұр-Сұлтан полициясы қаладағы жағдайға байланысты үндеу жасады – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Нұр-Сұлтанда көктайғақ 100-ге тарта жол апатына себеп болды

Айта кетері, Нұр-Сұлтанда түнде қалың қар жауды. Қаланың кейбір жерлерінде күртік қарды байқауға болады.

Қалың қар түсіп, көктайғақ болуына байланысты көшеде көлік кептелісі көбейді.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, сейсенбі, 5 қазанда елордада ауа температурасы 0-плюс 2 болады. Қар аралас жаңбыр жауады.

Жаңалықтар
0