Елорда тынысы

Елорда әкімдігі қоршауға алынды: тұрғындар вакциналауға қарсы митингке шықты – фото

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2021
Жазылу
Қалалық әкімдік алдындағы алаңға жиналған адам көп емес, полиция бірен-саранын ұстаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шықты.  Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарады.

Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.

Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.

Әзірге елордалық әкімдік пен полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты

 

Жаңалықтар
0