22:06 04 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD423.75
  • EUR503.54
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
781 0 0

Елорда әкімдігі тұрғындарға сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды.

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.   

Загрузка...

Басты тақырып