Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қандай құрылыс компаниялары үлескерлердің ақшасын тарта алмайды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестана Строительство жилого дома, иллюстративное фото
Строительство жилого дома, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Елорда әкімдігі тұрғындарға сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды.

Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Қоғам
Жұмыскерлер вакцина алмаса құрылыс тоқтайды – Көлгінов
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.   

Жаңалықтар
0